bilgi.tech университеттер мен зерттеушілерге арналған ортақ, коммерциялық емес сөйлеуді тану (ASR) модельдерін оқыту жобасын жүргізеді.
Оқу панелінде (data.bilgi.tech) студенттер берілген мәтіндерді дауыстап оқиды. Оқылатын мәтіндерді оқытушы немесе тексеруші мақұлдайды, ал әр жазба автоматты сапа тексерісінен өтеді. Талапқа сай жазбалар транскрипция модельдерін жақсартуға пайдаланылады.